Айтқожаев А.З. 1979 жылы әл-Фараби атындағы КазҰУ -дің физика факультетін бітірді. Физика факультетіне қызметке бөлінуіне байланысты жылуфизика және молекулалық физика кафедрасына 1979ж. жұмысқа қабылданды. ҚазҰУ–де 1979–1990 жж. ғылыми қызыметкер, 1993-2013 жж. аға мұғалім, доценттік лаузымдарында жұмыстар жасады. Еңбек жолы – 44 жыл. 1993 жылы «Жоғары қысымдағы сұйылтқыш газдары бар көпкомпонентті қоспалардағы диффузия мен орнықсыздық» тақырыбында 01.04.14.- «Жылуфизикасы және молекулалық физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғады. Айтқожаев А.З. келесі жалпы және арнайы пәндерден магистранттар мен бакалаврларға дәріс береді: «Кинетикалық теория», «Заттардың тепе-теңдік қасиеттері», «Нақты газдар мен сұйықтардың физикасы», «Нормативтік құжаттарды норма бақылау», «Молекулалық физика» және т.б. лекциялар мен практикалық, арнайы лабораториялық сабақтарды қазақ және орыс тілінде жүргізеді. Бакалаврлардың педагогтық, өндірістік практикаларына, курстық, бітіру, магистрлік жұмыстарына жетекшілік етеді. Айтқожаев А.З. газдардағы жылумассатасымалдау мәселелерімен айналысады. Жарияланған 35 еңбектері және 2 оқу-әдістемелік құралы бар. Айтқожаев А.З. соңғы жылдары ҚР БжҒМ-нің іргелі бір зерттеу бағдарламасында орындаушы, болып қызмет атқарады. Айтқожаев А.З. көп жыдар бойы жоғары оқу орындарының 1,2 курс бакалварлар арасындағы физика пәні бойынша өтетін олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы және олимпиаданы ұйымдастырушы, тапсырмаларды дайындаушы ретінде қатысып келеді. Айтқожаев А.З. көп жыдар бойы мектеп оқушыларының физика пәні бойынша олимпиадасының қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарының қазылар алқасының төрағасы, мүшесі ретінде қатысып келеді. 2013 жылы физика пәні бойынша Алакөл ауданының мектеп оқушылары және мұғалімдеріне он күндік курс өткізді.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1979

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Физико-математичес.науки
15.06.1993
Интересы